Шу ауданының тұрғыны бір жылда 200 кітап оқыған
Бүгін - Халықаралық кітап күні. «Кітап оқуды арттыру үшін алдымен жаңа форматта жарнама қажет». Тараздағы «Жамбыл кітап фестиваліне» жиналған оқырман қауым осындай пікір айтты. Бүгінгі қоғамда баспаларға маркетингті меңгеріп, авторларға менеджер болуды үйрену керек. Яғни кітап шығарушы компания өз өнімдеріне заманауи тәсілдермен жарнама жасап, ал авторлар өз кітабын өзі сата алуы тиіс. Сонда ғана сұраныс болып, оқырманға деген аудитория ашылады. Бүгінгі халықаралық кітап күнінде автор мен оқырман осындай ортақ пікірде. Ал кітап көрмесі екі күнге жалғасады. Кітап құмарлардың мерекесінде еліміздегі 20-ға жуық баспаның төл өнімдері ұсынылды. Шара барысында ең көп кітап оқыған оқырмандар марапатталды. Бір жылда 200 кітап оқығаны үшін Шу ауданынан келген жас журналист Айғаным Асқарбек бірінші орын алды.
Айғаным Асқарбек, үздік оқырман:
Екінші сыныптан бастап кітап оқыдым. Бір аптаның ішінде мысалы әр кітапқа «Ай мен Айша» кітабына менің 8 сағатым кетті десем болады. Сол сегіз сағаттың ішінде оқып шықтым. Ал бір аптаның ішінде Шерхан Мұртазаның үш кітабы. Ақын, жазушылардың өмір сүрген сүрлеуіне, сол дәуірге еніп кеткендей күй кешетін сәттер болады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды
22.04.2026, 17:35
Қарағанды облысындағы Нұра өзені жағасын тазалады
22.04.2026, 17:33
М.Шахановты Түркістан облысында ақтық сапарға шығарып салды
22.04.2026, 17:27
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін реставрациялау жалғасады
22.04.2026, 17:25
Әл-Фараби мұрасы – жаһандану дәуіріндегі рухани бағдар
22.04.2026, 17:22
Жаңа Конституция дербестікті нығайта түсті
22.04.2026, 17:20
Ұлттық тауарлар каталогына 24 млн тауар енгізілді
22.04.2026, 17:17
Жол жиегін қоршауға ₸2 млрд бөлінді
22.04.2026, 17:15