Семейлік құтқарушылар бір үйір жылқыны аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейлік құтқарушылар бір үйір жылқыны аман алып қалды

05.01.2021

Семейлік құтқарушылар Ертістің ортасында суда қалып қойған бір үйір жылқыны аман алып қалды. Қатты аяз салдарынан су деңгейі көтеріліп, мал кері өте алмай қалған. Әлсіз мұз жарылып дені суға түсіп кеткен. Төтенше жағдай қызметінің мамандары құтқару операциясын бір күн бойы жүргізді. Нәтижесінде жылқыларды қайыққа салып, бір-бірден жағаға алып шыққан. Қақаған суыққа қарамастан құтқарушылардың атқарған бұл ісі әлеуметтік желілерде тарап, көпшілік алғысын жаудырып жатыр.  

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу