Жасанды интеллект 8 млн адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект болашақта 8 миллионға жуық британиялықты жұмыссыз қалдырады. Сарапшылар арнайы зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келді.
Жаңа технологиялар, әсіресе, әйелдерді және жас мамандарды нәпақасынан айыруы мүмкін. Жоғары жалақы алатындарға төніп тұрған қауіп тіпті орасан. Жергілікті үкімет те, компаниялар да еңбек өнімділігін арттыру үшін нейрондық желілерге сеніп отыр. Егер үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақ ұйымдары маңызды шешім қабылдап, жаңа технологияларды басқара алатындықтарына кепілдік бермесе, жаппай жұмыссыздық белең алуы ықтимал.
Карин Кимброу, зерттеуші:
Әйелдер мен жастардың жаңа технологиялармен ығыстырылу қаупі жоғары. Үкімет кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер ұсынып, автоматтандыруға келе бермейтін жұмыс орындарын көбейтуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық студенттер шетелде бір семестр тегін оқи алады
15.05.2026, 12:54
Түркістанда Түркі әлемінің ортақ мұражайы ашылуы мүмкін
15.05.2026, 12:51
Түркі елдерінің жаңа дәуірі: Цифрландыру мен ынтымақтастық
15.05.2026, 12:43
KAZ-LLM: Қазақстанның жасанды интеллекттегі жаңа белесі
15.05.2026, 10:00
Түркі мемлекеттерінің мәдени ынтымақтастығы артып келеді
15.05.2026, 10:00
Alem AI – Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ орталығы
15.05.2026, 10:00
Елімізде зерттеулерге серпін беретін суперкомпьютерлік кешен жұмыс істеп тұр
15.05.2026, 10:00
Түркі мемлекеттері ұйымы – біртұтастық символы
15.05.2026, 10:00