Су тасқынынан қырылған малға өтемақы қалай төленеді?
Үкімет су тасқынынан өлген төрт түлік малдың иелеріне өтемақы төлеу алгоритмін бекітті. Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде су басқан жерлерден қауіпсіз учаскелерге шамамен 113 мыңға жуық мал басы айдалды. Бүгінгі таңда 7 мыңнан аса малдың өлгені расталған, оның басым бөлігі - ұсақ мал. Бекітілген алгоритм бойынша мал иесі жергiлiктi жерлердегi залалды өтеу жөнiндегi комиссияға өтiнiш жасайды. Ол үшін бірдейлендіру номерін, яғни, бирка, таңба немесе құлағындағы ені мынды дерекқор өткізуі тиіс. Егер жануар тіркелмеген жағдайда, күәгерлерді тарта отырып, өтемақы ала алады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12