Қазақстанда БҰҰ-ң цифрлық орталығы құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда БҰҰ-ң цифрлық орталығы құрылуы мүмкін

22.04.2024

Қазақстанда БҰҰ-ң цифрлық орталығы құрылуы мүмкін. Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі комиссия осындай қызығушылық танытуда. Осы мақсатта БҰҰ-ы қыркүйекте біздің елде үлкен конференция өткізбек. Басқосуға ұйымға мүше 50-ден аса елдің өкілдері келіп, Қазақстанның цифрлық даму жолындағы жаңашылдықтарын біліп, үйренбек.

Самал Қабышева, тілші:

Бангокте осылай ақшаны қолма-қол алып жүруге мәжбүрміз. Біздің елдегідей басым жерде «QR код»-пен төлем жүргізе алмайсың. Себебі, QR код жоқ.

Төлемді QR код-пен жүргізудің өзі көптеген елдер үшін жаңалық. Қазақстанның бұл цифрлық жүйесін үйренуге талай ел қызығушылық танытуда. Бангокте БҰҰ-ң Азия мен Тынық мұхиты елдері арасындағы комиссияның 80-ші сессиясы өтті. Басқосу цифрлық жүйеге арналды. Бұл салада Қазақстан өзге елдерге қарағанда көш ілгері келеді. Премьер-Министр орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу баяндамасында кеңінін тоқталды.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Сыртқы істер министрі:

Қазіргі Уақытта Қазақстан электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әлемде 28-ші, ал онлайн-нысандардың сапасы бойынша 8-ші орында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде IT-саласын мықтап дамытуға барынша ден қойды. Осы мақсатта Біз Орталық Азиядағы ең ірі IT – стартап-Astana Hub-ты аштық.

Бұдан бөлек, Сыртқы істер министрі Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын автоматтандырылғанын жеткізді. Соңғы үш жылда Қазақстанның жоғары технологиялық секторының экспорты 10 есе өскен. Ал 2026 жылға қарай ол 1 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.

Асқар Жамбақин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

Осы жетістіктердің барлығы БҰҰ-ң Азия мен Тынық мұхиты елдері арасындағы комиссияның қызығушылығын тудыруда. Олар бізден үйренгісі келеді. Цифрландырудың жаңалығымен танысып, көргісі келеді. Осы мақсатта БҰҰ-ң комиссиясы Қазақстанда цирфлық дамуға бағытталған конференциясын ұйымдастырып, өткізуге ниет білдіріп отыр. Үлкен басқосу қыркүйек айына жоспарланған.

Самал Қабышева, тілші:

ЭСКАТО - БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитындағы елдердің экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Бас штаб-пәтері, міне, осы. Таиланд астанасы Бангокте орналасқан. Енді БҰҰ-ң цифрлық даму орталығы Қазақстанда ашылуы мүмкін. Себебі, ұйымға мүше елдер Қазақстанның цифрлық дамуы қызықтырып отыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу