Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үйге су кірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үйге су кірген

22.04.2024

Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үйге су кірген. Жайық пен Шаған өзендерінің жайылмасында орналасқан барлығы 116 бау-бақша серіктестігін су басты. Ол аумақтарда адам тұрып жатқан 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазір қала ішінде су басу қаупі бар 24 аумақ белгіленіп, бақылауға алынды. Биіктігі 2,5-4 метр бөгет соғылып, күзет қойылды. Бұл іске облыс халқынан құралған 7 мыңға жуық ерікті мен әскери құрылымдардың 4 мыңға жуық жеке құрамы жұмылдырылды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу