СҚО-да су тасқынынан бұзылған жол қалыпқа келтіріліп жатыр
Республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл бағатындағы жолдың 872-ші шақырымы, қалыпқа келтіріле бастады. 10 сәуір күні Есіл ауданы Покровка ауылының маңында өзен деңгейі көтерілгенде, мамандар суды өткізу үшін жолды бұзуға мәжбүр болған еді. Осы уақыт аралығында тұрғындар айналма жолмен қатынап келді. Қазір, нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың бүлінген учаскесі - 250 метр.
Қанат Өсербаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
Қазір жол учаскесін ірі тастардың көмегімен көтеріп жатырмыз. Бұл жұмысқа 7 техника жұмылдырылды. 5 мың тоннаға жуық тас әзірленді. Оны 48 жүк көлігі тасымалдап жатыр. Су өткізетін құбырлар орнатамыз. Өзен ағысы жұмысты біраз қиындатып жатыр. Дегенмен өз міндетімізді тиісінше орындаймыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12