Жамбылда аспалы көпір құрылысы аяқталмай тұр
Жамбылда аудан орталығы саналатын Аса ауылының халқы 30 жылдан бері вагондардың астымен өтіп жүр. Өйткені, алты жолақты темір жол ауылдың дәл ортасында орналасқан. Жұрт жер бауырлап жүріп, аспалы көпір салуды сұрап келді. Ал, көптен күткен көпір құрылысы, былтыр тамызда басталып, биыл қаңтарда аяқталуы тиіс еді. Ауыл тұрғындарын өткелдің өз мерзімінен кешігіп жатқаны алаңдатады. 12 мыңнан аса тұрғыны бар ауылдың 2 мыңы шойын жолдың арғы бетінде шоғырланған. Батыс бөліктегі бұқара, бергі беттегі әлеуметтік нысандарға жиі келеді. Ал үш шақырым жердегі арнайы жол айналып өтуге тиімсіз дейді.
Әбдітәліп Омаров, ауыл тұрғыны:
Оқушыны бөліп кеткен жағдай болды. Аяқ-қолын кесіп кеткен жағдай болды өтеміз деп. Бала болады, бақшаға апарады. Вагонның астынан алып өтеді. Қоларбамен өтеді жаздыгүні, қыстыгүні шанамен өтеді. Аяғы ауыр боп баласын құшақтап өтеді. Небір жағдай болды ғой.
Ал аудан әкімдігі көпірді ертерек салып қояр едік дейді. Бірақ темір жол тарапы істі ілгері бастырмағанымен байланыстарды. Былтыр тамызда компания келісімін беріп, аудан бюджетінен аспалы көпір құрылысына 336 миллион теңге бөлінген. Әкімдік нысан 90 пайызға бітіп тұрғанын айтты.
Мақсат Үсенбаев, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Биіктігі 6 метр, ұзындығы 41 метр. Мынау бетонның жұмыстары бар, металлоконструкция бар. Сол жұмыстар болған соң кішкене тоқтатып тұрды да. Осы 2024 жылдың мамыр айында толығымен тапсырылады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22