Еуропада адам төзгісіз аптап ыстық жиіледі
Еуропада денсаулыққа қауіпті аптап ыстық жиі тіркелетін болған. Мұны Еуроодақтың климатты бақылайтын «Коперник» қызметі хабарлады. Оған сай, соңғы 20 жылда құрлықта ыстықтан болған өлім 30 пайызға көбейген. Былтыр Испания, Франция, Италия мен Грекияда сынап бағанасы 10 күн қатарынан 46 градус ыстықты көрсетіп тұрды.
Ғалымдардың айтуынша, күннің былай шыжуына климаттың өзгеруі ықпал етіп отыр. Әсіресе, парник газдары мен Эль-Ниньо құбылысының әсері мол. Ал аптап ыстық су тасқыны мен өрттің жиілеуіне әкелген. Еуроодақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі, мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесін климаттың өзгеруіне дайындауға үндеді.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлыстың ұлы күнін алматылықтар ерекше сән-салтанатпен атап өтті
27.03.2026, 10:14
Алматылықтар мен қала қонақтары әз- Наурыз мейрамын «Aport West» молда тойлады
27.03.2026, 10:12
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны басталды
27.03.2026, 10:11
Қара теңізде Сьерра Лионеде тіркелген түркиялық танкерге шабуыл жасалды
27.03.2026, 10:10
СІМ: Қазақстан Түркістанды Иран бойынша келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын
27.03.2026, 10:09
17 жастағы студентті жаппай іздестіріп жатыр
27.03.2026, 10:08
әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды
27.03.2026, 10:06
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59