Еуропадан сүйінші хабар. Режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» фильмі Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальда бас жүлдеге ие болды. Марапаттау рәсіміне режиссер қатыса алмағандықтан «Golden Raven, Алтын қарға» наградасы еліміздің Бельгиядағы елшілігінің қызметкеріне табысталды. 42-рет ұйымдастырылып отырған «Bifff»- Еуропадағы үздік жанрлық фильмдер фестивалі. Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры»туындысы киносыншылардың да арнайы жүлдесін алды. Фильмде баласын ұрлатып алған ананың ұлын табу жолындағы қылмыскерлермен арпалысы баяндалады.
Джонатан Ленартс, қазылар алқасының мүшесі:
«Дала қасқыры» кейіпкерлерімен, баяндауымен ерекше фильм. Сценографиясында өнер туындысын көркем етуге арналған дүниенің бәрі бар. Бұл туынды қазақ киносына әлі талай олжа әкеледі деген сенімдімін. Ол оған лайық. Осындай жауһар үшін Қазақстанға рақмет!
Крис Оргелт, «Biff»кинофестивалінің бағдарламалау және субтитрлеу бөлімінің меңгерушісі:
Маған фильмнің айқындығы қатты ұнады. Ландшафтың байтақтығы ғажап. «Дала қасқыры»-арсыз. Кейіпкер әйел қатты қайғырып тұрғанмен, мінезі өте мықты. Туындының шырайын келтірген де өзі. Осы фильмнің бас жүлдеге ие болғанына қуаныштымын.
Нұрсұлу Қасым