Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы

20.04.2024

Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы. Осындай атаумен Жетісуда экофестифаль ұйымдастырылды. Шара Қызылтас археологиялық кешеніндегі «Тасбақа» тауының етегінде өтті. Мыңнан астам адамның басын біріктірген акция аясында қала тұрғындары мен қонақтары веложорыққа қатысып, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен шеберлік сағаттарын тамашалады. Бауырсақ пен палаудан дәм татып, түрлі ойындарға қатысты. Айналаны қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызып, бұлақтың көзін ашты. Қала маңындағы таңбалы тастарды сақтап қалуға бағытталған алғашқы фестивальді түрлі туристік үйірмелер мен табиғат жанашырлары, велошабандоздар мен эковолонтерлар қолдап, шараны дәстүрлі етуге және ауқымын кеңейтуге шақырды.

Лина Қажымәлік эковолонтер:

Керемет табиғат. Өзімізді ғана емес, өзгені де ойлай білу керек деп ойлаймын. Өйткені Талдықорғанда тұрып та мына жерді мына жерді көрмеді мысалы. Енді ғана жаңалықтардан көріп, көбісі енді келіп жатыр. Мен ойлаймын әлі бұл жердің болашағы өте жоғары деңгейде деп. Жан-жақтан туристер келеді деген ойдамын. 


Хабарламаларға жазылу