Алматыда 300 түп алма ағашы отырғызылды
Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына 200 адам атсалысты. Шара аясында Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай Алатау ауданында 300 алма ағашы отырғызылды. Науқанға “Генералдар және Офицерлер кеңесі” қоғамдық ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Экоакция аясында жалпы бір ай ішінде 30 мың көшет отырғызылады, - дейді ұйымдастырушылар .
Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихаттың төрағасы:
Бір ай бойы осы қала тұрғындарын іс шараға қатысуға шақырып жатырмыз. Бұл ағаштарды тек егіп қана қоймай, оның ары қарай өсіп кетуіне барлығымыз бақылау жасау керек боламыз. Жалпы енді өзіміздің елімізде экологиялық акцияларды өткізу, қаламызды таза ұстау былай қарағанда әкімдіктің ғана жұмысы емес, әр адамның өзінің мәдениетіне байланысты. Сол себепті осы мәдениетті қалыптастыру біздің басты мақсатымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экоакцияға атсалысқан жастар марапатталды
28.04.2026, 13:18
Маңғыстау облысында ерекше демалыс орны ашылды
28.04.2026, 13:15
Екі мың оқушы түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 13:13
Талдықорғандағы «Шын жүректен...» шарасы балаларды қуантты
28.04.2026, 13:10
БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды
28.04.2026, 13:07
Коул Алленге АҚШ президентін өлтірмек болды деген айып тақты
28.04.2026, 13:05
Павлодарда үлкен көлемде есірткі тәркіленді
28.04.2026, 13:03
«Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр
28.04.2026, 13:00