Басты Жаңалықтар Көкшетауда дүние-мүлкі бүлінген 36 адамға өтемақы төленді

Көкшетауда дүние-мүлкі бүлінген 36 адамға өтемақы төленді

Көкшетау қаласында су тасқыны кезінде дүние-мүлкі бүлінген 150 адам өтемақы алуға өтініш берген. Оның 104-інің құжаты бағалаушы мекемеге жіберіліп, 36 тұрғынның шығыны анықталды. Оларға жалпы 12 миллион теңгеден астам қаражат төленеді. Сондай-ақ, қазір тасқыннан зардап шеккен қала тұрғындарына 100 айлық есептік көрсеткіш шамасында бір реттік әлеуметтік төлем берілуде. Бұл көмекті 174 отбасы алып үлгерді. Шығын көлемін анықтау, бағалау жұмыстары әлі де жалғасады

Бөлісу