Тасқыннан зардап шеккендер қандай көмек түрлеріне қол жеткізе алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккендер қандай көмек түрлеріне қол жеткізе алады

20.04.2024

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, тасқыннан зардап шеккендерге ең қажет мүлік шығынын өтеудің алгоритмін екі күн ішінде әзірлеуді жауапты министрліктерге тапсырды. Бұл тізімге: тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар, үй жиһаздары, сумен жабдықтау және жылыту құралдары кіреді. Ал су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек түрлеріне қол жеткізе алады, тағы бір еске салайық. Жергілікті әкімдікке хабарласып, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы алуға, сондай-ақ жоғалған немесе бүлінген мүліктің өтемақысын ала алады. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына кредиттер бойынша төлемдер 3 айға автоматты түрде кейінге шегеріледі. Банктер онлайн өтінім беру мүмкіндігін іске қосты. Баспана мәселесімен де жергілікті әкімдікке өтініш қалдыру керек. Қираған шаңырақтың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады.

Хабарламаларға жазылу