Енді қымбат медициналық зерттеулер тегін жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді қымбат медициналық зерттеулер тегін жүргізіледі

28.11.2019

Қарағанды облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады. Тек соңғы екі айдың ішінде өңірдің 6 мың тұрғыны жоғары технологиялы диагностикалық тексерістен өткен. Айта кетейік, жаңа жүйе әзірге тек Қарағанды облысында пилоттық жоба негізінде жүзеге асуда. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап еліміздің өзге де өңірлерінде қолға алынбақ. 

МӘМС жүйесінің артықшылығы - азаматтар өзі таңдаған емхана мен дәрігеріне бара алады. Қарағанды облысындағы 122 медициналық ұйым 1 қыркүйектен бастап сақтандыру негізінде жұмыс істеп жүр. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу