Елімізде полиэтилен өндіретін газ-химия кешені салынады
Елімізде қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру бойынша алғашқы интеграцияланған газ-химия кешені салынады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов әлемдегі ірі мұнай-химия компанияларының басшыларымен кездесуде айтты.Жобаның жалпы құны шамамен 7,7 миллиард доллар. Үкімет басшысы жоғары деңгейде өнім өңдеуге бағытталған жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті. Зауыт құрылысын 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 8 мыңнан астам, пайдалану кезеңінде 850-ге жуық жұмыс орны ашылады, дейді Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде көмірсутектерді терең өңдеуді белгіледі. «Полиэтилен» жобасы өңдеу өнеркәсібінің де, жалпы ел экономикасының да дамуына елеулі серпін беретіні сөзсіз. Бастапқы шикізат – этан мен үшінші сатыдағы қайта өңделген өнім – полиэтилен арасындағы қосылған құн 20 есеге, тоннасына $80-90-нан $1600-1800-ға дейін артады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экоакцияға атсалысқан жастар марапатталды
28.04.2026, 13:18
Маңғыстау облысында ерекше демалыс орны ашылды
28.04.2026, 13:15
Екі мың оқушы түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 13:13
Талдықорғандағы «Шын жүректен...» шарасы балаларды қуантты
28.04.2026, 13:10
БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды
28.04.2026, 13:07
Коул Алленге АҚШ президентін өлтірмек болды деген айып тақты
28.04.2026, 13:05
Павлодарда үлкен көлемде есірткі тәркіленді
28.04.2026, 13:03
«Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр
28.04.2026, 13:00