Астаналық студенттер «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында экочеллендж ұйымдастырды
Бүгін астаналық студенттер «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында экочеллендж ұйымдастырды. Қазақ агротехникалық зерттеу универеситетінің 5000 студент мен 800 оқытушы экологиялық акцияға ат салысты. Олар университет аумағын және Сәкен Сейфулин көшесін тұтастай қоқыстан тазартып, көгалдандырды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясына республика жастарын белсене қатысуға шақырды. Сенбілік соңында челленджді Евразия ұлттық университетіне жолдады.
Гүлмарал Ильяс, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті
Елшіл болу, қоғамға, жерімізге пайдамызды тигізу осындай кішкентай қадамдардан бастау алады. Сондықтан, барлық жастарды, Республика жастарын президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасында айтылған «Таза Қазақстан» акциясына барлық Республика жастарын белсене қатысуға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54