Ақтөбелік фермерлер тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік фермерлер тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдірді

18.04.2024

Ақтөбелік фермер тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдірді. Серіктестік басшысы 100 тонна тұқымдық бидай, 100 тонна арпа, 50 тонна судан шөбінің тұқымын бөлді. Ол төрт түлігінен айрылғандарға 200 қой мен 50 баспақ беруді жөн санаған. Бұл серіктестік Қарғалы ауданында орналасқан.

Аманғос Төлеуов, шаруа қожалығының басшысы:

Ойыл ауданына 40 тонна арпа тұқымын, 25 тонна судан шөбінің тұқымын, 200 қой, 50 қашар береді. Қалғаны Қобда ауданына барады. Бұл біздің ұжымның шаруаларға берген көмегіміз.


Хабарламаларға жазылу