Балалар арасында D дәрумені тапшылығы жиіледі
Бүгінгі таңда ересектер мен балалар арасында D дәрумені тапшылығы мен жеткіліксіздігі жиі кездеседі. Дәрігерлер, күн сәулесінің жеткіліксіздігінен әсіресе, күз, көктем және қыс мезгілдерінде дүниеге келген нәрестелер шалдығады дейді. Осы ретте сәбидің ағзасы Д дәруменін дер кезінде қабылдаса, аурудың алдын алуға болады.
Алматыда SANTO компаниясының ұйымдастырған конференциясында дәл осы Д дәруменінің жеткіліксіздігі жайлы айтылды.
Д дәрумені ағзадағы кальций мен фосфордың сіңуін, яғни тіс пен сүйек саулығын қамтамасыз етеді. Суда еритін тамшы күйінде шығарылған дәруменді шала туылған шақалақтан бастап таблетка мен капсула күйінде іше алмайтын ересектерге дейін тұтына алады.
Александр Духанин, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Д дәруменінің үш түрі бар. Олар, балық майында, майда еритін, суда еритін түрлері бар. Ал соның ішінде суда еритін Д дәрумені соңғы технологиямен жасалынған. Майда еритін Д дәруменінде 1 мл 20 тамшы болса, ал суда еритінінде 30 тамшы бар.
Егер сәбиге Д дәрумені жеткіліксіз болса, алғашқы қадамын басуға келгенде-ақ байқалады. Сондай-ақ, тершеңдік, мазасыздық пайда болып, ұйқысы да бұзылады. Тіпті шашы түсіп, баланың басындағы еңбегі керісінше жұмсақ боп кетеді екен.
Сәуле Сәрсенбаева, медицина ғылымдарының докторы:
Негізінде баланың дені сау әрі иммунитетінің мықты болуына ана сүтінің пайдасы орасан зор. Бірақ ана сүті толықтай Д дәруменімен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тамшы түріндегі дәруменді берген абзал.
Айта кетейік, SANTO компаниясы жылдар бойы дәрiлiк препараттарды шығарып келеді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09