Жайықтың деңгейі көтерілді
Батыс Қазақстан облысына Ресейден су ойысты. Осының салдарынан Жайықтың деңгейі бір тәулікте 38 см-ге көтерілді. Бұл Бәйтерек ауданы Январцев ауылының тұсы. Ал Оралға су үш-төрт күнде жылыстайды деген болжам бар. Қазір Жайық, Шаған, Деркөл айналасындағы саяжайларда 3 мың үйге су жайылды. Қалалық мәдени-демалыс саябағына да су кірген. Спортшылар саябақ қасындағы Атоян атындағы стадионды қорғап қалу үшін іргесін құм қапшықпен бекітіп жатыр. Жалпы өңірде тасқынға қарсы күреске 1300-ге жуық техника тартылды. Оның 900-і өзге аймақтардан келген көмек. Суды бөгеуге 8 мыңнан астам адам жұмылдырылды.
Қалияр Айтмұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары:
Жайық көтеріліп жатыр. Шағаннан келетін судың көлемі әлі көп. Сол себептен екеуінің деңгейі теңесті де, енді Жайық тасыса, Шаған да солай тасиды. Осы саяжайларды басады. Бірақ, ең басты мақсат - қалаға жібермеу керек мол суды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда қазақ ауылында Наурыз тойланды
16.04.2026, 13:39
Оқушылар мен студенттер арасында хакатон басталды
16.04.2026, 13:38
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз мамандық алып шықты
16.04.2026, 13:38
Қазақстан мен Тәжікстан өзара ынтымақтастықты кеңейтеді
16.04.2026, 13:37
Еуропалық Одақ Қазақстанмен кеден саласында ынтымақты күшейтпек
16.04.2026, 13:36
Вашингтон Тегеранмен келісім жасаудан үмітті
16.04.2026, 13:35
Екібастұз қаласында бұзақылар дәрігер мен медбикені соққыға жықты
16.04.2026, 13:34
Павлодарда сарбаз қаруласын жаралап, өзі атылып өлді
16.04.2026, 13:33