Жайықтың суы тағы көтеріліп, 781 сантиметрге жетті
Жайықтың суы тағы бірнеше сантиметрге көтеріліп, 781 сантиметрге жетті. Ал, Шаған су қоймасының деңгейі 30 метрден асып кетті. Қазір, қаланың Круини, Старица және Коминтерн аударына қауіп төніп тұр. Аталған аудандарда бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр. Сол маңда жүрген әріптесіміз Нұрсұлтан Тілектеспен тікелей байланысқа шықсақ. Нұрсұлтан, қауіпті участкелердегі қазіргі жағдайды баяндап берсең!
Нұрсұлтан Тілектес, Тілші:
Біз қазір қаланың Курени деген ауданындамыз. Жайық өзенінің дейгейі көтеріліп, осы ауданға қауіп төнді. Мұндағы тұрғындар эвакуацияланып жатыр, кейбіреулері баспанасын тасқыннан қорғау үшін бөгет тұрғызуда. Оларға жан-жақтан, тіпті 200-300 шақырым жердегі ауылдардан еріктілер келіп, қолқабыс етіп жатыр. Солардың бірімен тілдессек.
Нұрсұлтан Тілектес, Тілші:
Бұған дейін айтқан едік, қызыл су қаланың шеткі аудандарына жетті. Бүгінге дейін су басқан және қауіп төніп тұрған участкелерлерден 13 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 1300-ге жуығы эвакуациялық пункттерге орналастырылған. Енді қауіп осы біз тұрған Курени, Старица және Коминтерн аудандарына төніп тұр. Мамандар тасқынның шарықтау шегі 22 сәуір күні болады деп болжап отыр. Бүгінге дейін өңір бойынша салынған бөгеттің ұзындығы 100 шақырымнан асады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17