Мемлекет басшысы Саха республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Саха республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

18.04.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Екі ел басшысы мемлекетаралық сан қырлы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының айтарлықтай артуы – соның айқын дәлелі, деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда Саха Республикасының күндерін өткізу бастамасын қолдады. Оның аясында мәдени және спорттық шаралар ұйымдастыру, Якутияның инвестициялық, туристік әлеуетін таныстыру жоспарланған. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық перспективаларына зор ықыласпен қараймыз. Сіздің Республикаңызға, якут халқына деген құрметіміз ерекше. Қос халыққа ортақ дүниелер көп. Сізбен бірге құрамында іскерлік топтар мен мәдениет өкілдері бар үлкен делегация келгенін айрықша атап өткім келеді.

Айсен Николаевты, Саха Республикасының Басшысы:

Айсен Николаев Қазақстан халқына қолдау көрсетіп, су тасқыны салдарынан туындаған барлық қиындықты тезірек еңсеруге тілектестік білдірді. Кездесуде ауыл шаруашылығы, кен өндіру өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.


Хабарламаларға жазылу