Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету ісінде, бизнесмендердің рөлі зор екенін айтты. Сондай-ақ, Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлерге де, көмек көрсету бойынша нақты жауапкершілік жүктелетінін жеткізді.
Ендеше, су тасқынының зардабын жою бойынша, бүгінге дейін ірі көлемде қаражат аударған отандық компаниялардың тізімін ұсынамыз. Олардың қатарында, мемлекеттік және жекелеген қорлар, екінші деңгейлі банктер мен ірі өнеркәсіп орындары да бар.
Сондай-ақ, еліміздегі танымал тұлғалар мен жекелеген кәсіпкерлер, өнер жұлдыздары да тасқын судан зардап шеккен өңірлерге/ көмек көрсету мақсатында миллиондап қаржы аударды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері, еліміздегі атымтай жомарт жандар да, көмекке деп күн сайын ірі көлемде қаржы аударып жатқанын жеткізді.
Отандық компаниялар мен банктер, қорлар:
1. «Самұрық-Қазына» Қоры – 15 млрд теңге
2. «Қазақстан Халқына» Қоры – 10 млрд теңге
3. «Қазатомөнеркәсіп» Ұақ» Ақ – 3 млрд теңге
4. «Теңізшевройл» Жшс – 2 млрд теңге
5. Chevron – 1,3 млрд теңге
6. Halyk Тобы – 1 млрд теңге
7. Freedom Holding Corp – 1 млрд теңге
8. Air Astana Тобы – 1 млрд теңге
9. Kazakhmys Пен Kaz Minerals – 800 млн теңге
10. Болат Өтемұратов Қоры – 10 млрд 680 млн теңге
11. Kaspi Bank – 620 млн теңге
12. Astana Motors – 500 млн теңге
13. Bi Group – 500 млн теңге
14. Allur, Qaztehna, Qarmet – 500 млн теңге
15. Eurasian Resources Group – 500 млн теңге
16. Jusan Bank – 300 млн теңге
17. Банк Центркредит – 200 млн теңге
18. Еуразиялық Банк – 200 млн теңге
19. Bank Rbk – 150 млн теңге
20. Ptc Holding – 150 млн теңге
21. Qazaqoil – 150 млн теңге
Кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар:
1. Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе – 20 млрд теңге
2. Арман Тосқанбаев – 150 Млн Теңге
3. Ерлан Қожасбаев, Ораз Жандосов, Nan Yi – 100 млн теңге
4. Димаш Құдайберген – 15 млн теңге
5. Өнер Жұлдыздары – 30 млн теңге (қаражат жиналуда)
6. Марғұлан Сейсембай – Бқо-на гуманитарлық көмек пен арнайы техникалар жіберді
7. Бетперде Киген Жігіт – 450 млн теңге
Тәуірбек Бозекен