Атыраудан 100-ге жуық адам Сыр өңіріне уақытша көшірілді
Су басу қауіпі төнген Атырау қаласынан Қызылордаға жүзге жуық адам уақытша көшірілді. Олардың көбі-әйелдер мен балалар. Сыр өңірін паналауға келген атыраулық тұрғындар, қаладағы екі жатақханаға орналастырылды. Жергілікті әкімдік ыстық тамақ, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіп отыр.
Сондай-ақ, қарт кісілер мен ерекше балаларға медициналық қызмет көрсетілуде. Жалпы қиын жағдайға тап болған жандарға, қызылордалық кәсіпкерлер де, көмегін көрсетіп, керек-жарағын алып беруде. Атыраулық меймандар, су басу қауіпі сейілгенше Қызылордада болады.
Жанаргүл Ержанова, Атырау қаласының тұрғыны:
Менің жолдасым, үлкен ұлым 19 жастағы ұлым бөгет жасауға сол жақта қалды. Көпбалалы және ерекше бала бағып отырған аналар балаларымен және үлкен кісілер мұнда келіп жатырмыз. Осында жайғастырды. Жақсы қарсы алды. Тағамы жағынан, барлығы жағынан күніне 4 мезгіл тамақ береді. Көптеген заттармен жағдайымызды жасап, көмектесіп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16