Әйелдер мен балаларға қол көтерген адам 25 тәулікке дейін қамалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдер мен балаларға қол көтерген адам 25 тәулікке дейін қамалады

17.04.2024

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер қоғамдағы әлімжеттік пен қатыгездікті тыюға бағытталады. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға байланысты қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Атап айтар болсақ, әйелдерге не балаларға қол көтерген адам 25 тәулікке қамалады немесе 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегіледі. Болмаса 80 айлық есептік көрсеткіш, яғни 295 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі. Ал адам денсаулығына тигізген жеңіл зиян үшін 50 тәулікке дейін түрмеге қамау көзделген. Немесе 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 738 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Бұл заң сондай-ақ әлімжеттік көрсететін адамның теперіш көрген жанмен бір шаңырақ астында тұрмауын да қадағалайды. Сонымен қатар агрессорға психологиялық көмек көрсетіледі, - дейді қоғамдық белсенді, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес мүшесі Оксана Волкова-Михальская.

Оксана Волкова-Михальская, «Женский луч» қоғамдық ұйымының директоры:

Маңызды тұсы сол, агрессордың психологиялық емдеуден өтуі енді заңмен қадағаланады. Себебі бір агрессор бір отбасыдан кетіп, екінші отбасын құруы бек мүмкін. Осы салада 2015 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келемін. Сондықтан да осы мәселені шешу қажет екенін алға тартып келдік. 


Хабарламаларға жазылу