Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер берілді
Көкшетау қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға екі және үш бөлмелі пәтерлердің кілттері табысталды. Олардың үйлері табиғи апаттың салдарынан тұруға жарамсыз болып қалған. Мұндай шешімді арнайы комиссия мүшелері қабылдады.
Жалпы облыс орталығында 34 баспанаға су кірген. Қазір тасқыннан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік төлем де беріліп жатыр. Оны 174 отбасы алған. Оларға 64 миллион теңгеден астам қаражат төленді. Алдағы уақытта тағы 12 отбасына 8 миллионнан астам теңге бөлінбек.
Сергей Никулинала, қала тұрғыны:
Үйге су кіргенде, әрине, қорқыныш болды. Жылдап жинаған дүние-мүлкіміз, баспанамыз барлығы бүлінді. Дегенмен, міне, арада көп уақыт өтпей-ақ екі бөлмелі пәтерге кіріп жатырмыз. Мұнда қажеттінің бәрі бар. Қуаныштымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте жазғы лагерьге дайындық пысықталды
27.04.2026, 20:21
ТМД-да теңдесі жоқ TopIQ Smart Class іске қосылды
27.04.2026, 20:19
«Сириус» халықаралық білім беру жобасын іске асыру жалғасып жатыр
27.04.2026, 20:17
50 000 бас мал бордақылауға арналған кешен ашылды
27.04.2026, 20:15
Иттердің адамға шабуылдауы жиіледі
27.04.2026, 20:14
Зиянкестерді улау жұмыстарына дрон қолданылады
27.04.2026, 20:13
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу аяқталды
27.04.2026, 20:11
Астанада балалар мінген аттракцион құлады
27.04.2026, 20:10