«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында өткен әнші Алтынай Жорабаеваның концертінен фоторепортаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында өткен әнші Алтынай Жорабаеваның концертінен фоторепортаж

23.09.2016
«Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында өткен әнші Алтынай Жорабаеваның концертінен фоторепортаж

Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Сәлем, Қазақстан!» жобасының кезекті түсірілімі танымал әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Алтынай Жорабаеваның  жеке шығармашылығына арналды. Салтанатты кешті әнші «Жас дәурен» әнімен бастады.

олю

Жанды дауыс,  сахналық көйлектер, жарықтандыру мен дауыс сапасы көрермендердің көңілінен шықпай қоймады.

Концерт бір ағымда өтпесін деген ниетпен әнші  кезекті әнді орындар алдында өлең оқып, өмірінде болған қызықты оқиғаларды әңгімелеп тұрды.

д№юл

«Жас кезімде «Кім болғың келеді?» деген сұраққа жауап беруге қысылатынмын. Дегенмен, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаевадай болуды армандайтынмын», - дейді әнші.

жэЖэ

Концерт кезінде барлық аналарға арнап «Бақытты әйел», «Арман», Фариза Оңғарсынованың «Бір-бірінің бағасын сезінген бақытты болады»  атты әндерін орындады.

люол

Ал, «Ашық микрофон» айдарында көпшіліктің жүрегінен орын алған «Өмір өзен» әні шырқалды. Алтынай Жорабаеваның репертуарында ана  тілінен өзге,  әлемнің  11 тілінде жазылған әндер  бар. Бүгінгі кеште  әнші үндінің «Хатубаны» шырқады.

юлою

Кеш қонақтары  танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы мен әншінің інісі Талғат Жорабаев көрерменге әннен шашу шашты.  Сондай-ақ, «Жайдарман» әзілкештері халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

робр

Көрермендер қатарында Алтынай Жорабаеваның ата-анасы, әншілер Тамара Асар мен Қарақат Әбілдина отырды.

ъъ

рьрь

юою

олбол

жъъ

ыявмв

Концерт «Қазақстан, алға!» әнімен аяқталды.

Хабарламаларға жазылу