Павлодардан Петропавлға 60 тонна гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардан Петропавлға 60 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

17.04.2024

Павлодардан 60 тонна жүк тиелген үш көлік Петропавлға бет алды. Гуманитарлық көмек жинауға қарапайым тұрғындардан бастап саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жастар орталықтары, спорт клубтары мен Ауған соғысы ардагерлері ат салысты. Айта кету керек, Ертіс-Баян өңірінен осымен 150 тонна жүк жөнелтілді. Бұл ретте транспорттық-логистикалық кәсіпорындарда шет қалып отырған жоқ.

Нұрболат Жайлаубаев, транспорттық компания иесі:
АЗС-тер бар. Оларда бізге шығып жанармаймен бізді тегін қамтамасыз етіп бізге ол жағынан жанар май тегін келіп отыр… 1000 шақырымдай жол жүреміз… Су апаттары болып жатыр, соған байланысты өзіміз де көмек көрсетейік деп тегін ұсынып отырмыз.
Болат Аманбаева

Хабарламаларға жазылу