Оралдағы Жайық өзенінің жағасында 100 шақырымнан асатын бөгет жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы Жайық өзенінің жағасында 100 шақырымнан асатын бөгет жасалды

17.04.2024

Дәл қазір менің артымда қапшыққа құм толтырып, бөгет тұрғызып жатқан әскерилер мен еріктілер. Олар күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Айта өтейін, Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырымнан асатын бөгет жасақталып, 800 мыңдай құм толтырылған қапшық төселді. Бүгіннен бастап Ресейден мол су келеді деп күтілуде. Соңғы дерекке сай, тасқын суды бірінші болып қабылдайтын, Оралдан 60 шақырым жердегі Январцев ауылында су Бір тәулікте 18 см-ге өскен. Ал қала маңында су деңгейі кешелі бері 3 см-ге көтеріліп, 779 см-ді көрсетті.

Ләйла Қазиақпарова


Хабарламаларға жазылу