Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 200 мың адам атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 200 мың адам атсалысты

16.04.2024

Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 200 мың адам атсалысты. Науқан аясында елді мекендердің, қорық, мұражай, ескерткіш және ұлттық парктердің аумағы тазартылды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап өңірде «Киелі мекен» апталығы да жалауын көтерді. Мақсатымыз тарихи-мәдени және археологиялық ескерткiштердi абаттандыру дейді ұйымдастырушылар.

«Киелі мекен» акциясының аясында Алматы облысының тұрғындары «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткішінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараға өңір басшысы, ардагерлер, еріктілер, спортшылар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Марат Сұлтанғазиев, Облыс әкімі:

Президенттің бастамасы халықтың арасында үлкен қолдауға ие болды. Өткен аптада біз «Таза өлке» аптасын өткіздік. Бүгін дүйсенбіден бастап тарихи жерлерді. Ары қарай кестеге байланысты «Өнегелі ұрпақ» деген бар. Кейіннен су жағалауларын тазалау бар. Оған да белсенді қатысатын боламыз.

Облыс аумағында 1200-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Олардың 961-і археологиялық орын. Барлық нысандарды таза ұстау мұнымен шектелмейді, - дейді облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы.

Мәди Ахметов, Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы:

Біздің қоғамда жастарды, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға, тазалықты сақтауға шақыратын үлкен бір идеологиялық жұмыс десе де болады. 00:34 Алматы облысы осыдан бір апта бұрын «Таза мекен» акциясымен апталығын өткізді. Жалпы облысымыз бойынша шараға 200 мыңға жуық халық қатысты. 00:46

Ақерке Мақсатқызы, шараға қатысушы:

Біз еліміздің жастары ретінде, еліміздің болашағы ретінде әр адам өзінен бастау керек деп ойлаймын тазалықты айналасындағы. Бүгін біз Қонаев қаласының жастары ретінде атсалысып, қаламыздың таза болуына, осындай іс-шараға шығып жатырмыз.

Бір мезгілде өңірдегі 70-тен аса тарихи-мәдени нысан ретке келтірілді. Бес бағытты қамтитын науқан бір айға созылады. Облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына 500 мың адамды тарту көзделген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу