Қарағанды облысында тарихи ескерткіштер тазаланды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында да қарқынды жалғасуда. «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы абаттандырылып жатыр. Жастар мен еріктілерден бөлек, шараға ардагерлерде ат салысуда. Алдағы күндері 40-қа жуық тарихи ескерткіш маңайы тазаланып, ретке келтірілмек.
Зұлқарнай Ғазиз, Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры:
Осы апта бойы тарихи, мәдени ескерткіштердің маңында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бүгін аға буын өкілдері, жастар, еріктілер барлығы бірігіп, алда келе жатқан жеңіс күніне орай «Мәңгілік алау» айналасында абаттандыру жұмыстарын жүргізудеміз.
Облыс орталығынан бөлек аудан, ауылдарда да тазалық жүріп жатыр. Өткен сенбілікке облыс бойынша 37 мың адам қатысып, 8 мың тоннаға жуық қоқыс жиналған. Қарқаралы қаласының Құнанбай қажы мешітінде жоспарланған жөндеу жұмыстары басталды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды
12.10.2026, 20:33
Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда
12.10.2026, 20:17
Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
12.10.2026, 20:15
Варшава конференциясында Қазақстандағы реформалар жоғары бағаланды
12.10.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 20:11
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 20:10
Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты
12.10.2026, 20:09
Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 20:05