Алматыда лай көшкіні жүрді
Алматыда да кешелі бері толассыз жауған жаңбыр тұрғындарды әбден әбігерге салды. Көшелер суға толып, көлік қозғалысы қиындады. Керей және Жәнібек көшелерінің қиылысында сазды лай көшкіні жүрді. Топырақтың жылжыуына заңсыз салынған құрылыс себеп болған, дейді әкімдік өкілдері. Меншік иесі өз бетінше тауды ойып, жыраны жауып тастаған. Салдарынан табиғи судың ағыны жабылып, асфальттың бір бөлігі құлап, кәріз желісі бітеліп қалған. Қала құрылысын бақылау басқармасы заңсыз құрылыс жүргізген азаматтың әрекетіне қатысты жоспардан тыс тексерісті бастады. Сондай-ақ, түнде Медеу ауданында көлемі 10 текше метр болатын лай сырғымасы түсті. Зардап шеккендер жоқ.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04