Шымкентте қолайсыз ауа райынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қолайсыз ауа райынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

27.02.2020
Шымкентте қолайсыз ауа райынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Шымкентте нөсер жауынан аулалар суға толып, жұртты әбігерге салды. Қатты жел мен қардың салмағын көтермеген ағаштар құлап, көліктерді басып қалған.

26 ақпаннан 27-сіне қараған түні қала аумағында жауған жауын-шашынның салдарынан бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы жиналған. Өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері Абай, әл-Фараби, Қаратау аудандарында суды шығару жұмыстарын жүргізген. Авариялық-құтқару жұмыстары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал-3 шағын аудандарында жүргізіліп, онда жеке құрамында 35 қызметкер 8 техника мен 8 мотопомпа жұмылдырылған.

Таңғы сағат 07:48-де «112» Құтқару қызметіне Күншығыс шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында және әл-Фараби ауданындағы Түркістан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысында ағаштардың құлағаны туралы хабарланған. Сол сияқты Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында автокөліктің үстіне ағаш құлағандығы туралы ақпарат түскен. Зардап шеккендер жоқ.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу