Әйелді ұрғандар қылмыстық жазаға тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелді ұрғандар қылмыстық жазаға тартылады

16.04.2024

Алматыда бұрынғы әйелін көшеде ұрып-соққан ер адам 25 тәулікке қамауға алынды. Александр Ким есімді ер азаматтың телефонды жерге бірнеше рет соғып, сындырып, артынша әйел адамға аяусыз соққы жасаған видеосы тараған еді. Алматының полициясы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Енді, жаңа заңға сәйкес, әйелін ұрып-соққандар әкімшілік жазамен құтылмайды.

Әйелді ұрғандар қылмыстық жазаға тартылады. Денсаулыққа жеңіл зиян келтірсе, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 740 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді. Айыппұлдан бөлек, 200 сағаттық қоғамдық жұмыс пен 50 тәулікке қамауға алу да қарастырылған. Ал, жарақат орташа болса, 2 жылға дейін сотталады. Әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Хабарламаларға жазылу