Жасөркен ауылы тасқын судан толық тазартылды
Жамбылда жаңбыр салдарынан Жасөркен ауылына су кіріп, 30 үйдің ауласына жайылды. Адамдар аман, мал шығыны жоқ. Құтқарушылар 6 сағаттің ішінде тілсіз жаудың бетін қайтарды. Ал жағдай қайталанбас үшін әкімдік тарапынан қызу жұмыстар қолға алынып, су арналары қазылды.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Кеше күндіз 4 сағатқа жуық толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан кешкі сағат сегіздерде таудан тасқынды ағын пайда болып, алдымен мына тоғанға толған. Сай- саланың суы каналдардың ернеуінен асып, етектегі елге жайылды. Ал бетондардың біраз бөлігін бұзып өткен.
40 см биіктікпен келген ағын су 330 түтіні бар ауылдың халқын әп-сәтте әбігерге салды. Су 30 үйдің ауласы мен бір үйдің ішіне кірген. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 300-ге жуық адам, 60 техника тартылды. Құтқарушылар қатарында болған аймақ басшысы тасқыннан төнер қауіп жоқ сендірді.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
Жамбыл облысында су қоймаларының, Шу, Талас өзендерінің ахуалы тұрақты. Су деңгейі бақылауда. Ешқандай су тасқыны қауіпі қазіргі таңда ешқандай жоқ.
Тілсіз жауды тоқтату жұмыстары түнгі сағат екіге дейін жалғасты. Бүгін аулалар ағын судан толық тазартылып, 4 мың текше метр су шығарылды. Ауыл мектебінің де алдын жайлаған су сорылып, оқушылар ертең білім ұясына оралады.
Қалатдин Бағысбаев, ауыл тұрғыны:
Мұндай тақсын бұрын да болған. Бірақ кешегідей болған емес. Мынау тұрғылықты халықтың өзі әр қайсысы күрек алып осы ненің бәрін қазып, түнгі сағат 02:00-ге дейін суды жартылай түсірдік. Одан кейін барып азайды.
Арнайы комиссия бүлінген дүние-мүліктердің есебін жүргізуде. Ал қауіп қайталанбас үшін тау суын тосып алатын 2,5 шақырымдық дренажды канал қазылды. Оған 1 текше метр су сияды. Алда ауа-райы жауын-шашынды болмақ. Сондықтан «ҚазСуШар» мекемесі су сақтағыштардың көлемін реттеу бойынша бақылауды күшейткен.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ЖИ және инновация мектебі ашылады
21.01.2026, 13:27
21 қаңтар – Инженерлік әскер күні
21.01.2026, 13:24
Көкшетаудағы колледжде шағын цехтар ашылды
21.01.2026, 13:21
Түркістан облысында 9 ұры ұсталды
21.01.2026, 13:18
Әзербайжан мен Армения арасында ынтымақ нығайды
21.01.2026, 13:15
Президент Давос қаласына жұмыс бабымен барады
21.01.2026, 13:12
Елімізде білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады
21.01.2026, 13:09
Балаларды әлеуметтік желіден шектеуі мүмкін
21.01.2026, 13:06