Пертропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пертропавлға 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

16.04.2024

Астанадағы кәсіпкерлер қауымдастығы тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарына 25 тонна гумкөмек жинады. Оның 10 тоннасын Атырауға, 5 тоннасы Оралға, қалған 10 тоннасын әскери ұшақпен Петропавлға жеткізді. Олармен бірге тілшіміз Тәуірбек Бозекенде барып қайтты.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Біз қазір әскери ұшақтар ұшатын алаңда жүрміз. Менің артымдағы екі ұшаққа қазір Петропавл қасына жөнелтілетін гуманитарлық көмектер тиеледі. Осыған дейін осы екі ұшақ БҚО мен Атырау облысына гуманитарлық көмек жеткізді. Естеріңізге салайын, пандемия кезінде де дәл осы екі ұшақпен Қазақстанның түпкір-түпкіріне дәрі-дәрмекпен керекті жабдықтарды үздіксіз жеткізіп отырған.
Бірнеше күннен бері Астанадағы кәсіпкерлер қауымдастығы 30 млн теңге көлемінде қаражат жинап, 25 тонна азық-түлік пен тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қажетті заттарды сатып алған. Оларға Қарулы күштердің Әуе қорғанысы да қол ұшын созып, 10 тонна жүкті Атырауға, 5 тоннасын Орал қаласына апарып үлгерді.

Дамир Жайдарбек, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі:

 Әрі қарай біз жинаумызды тоқтатқан жоқпыз, жанап жатырмыз. 30 млн 5 күнде жинаған шығармыз.  Қолдан келгенше біздің қаумдастық қолымыздан келгенше қандай жайғдай болмасын әрқашанда қолы ашық. Халыққа, елге көмектесуге алда жүреміз.
Тәуірбек Бозекен, тілші:

Біз қазір бірер минуттан кейін Петрапавл қаласына қонамыз. Ұшақтан бақыласақ су әбден жайылып кеткен. Саяжайларды және де қала маңындағы қала маңындағы үйлерді су басқанын анық көруге болады.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Міне, біз қазір Петропал қаласына келіп жеттік, әскери ұшақпен. Бұл жерде ұл тиелген. Ал анау ұшақта күнбағыс майы, мокорон өнімдері, одан кейін күріш тиелген. Мінекей қазір әскерилер келді, өздеріңіз көріп тұрғандай. Бұл заттрады қазір ұшақтан түсіріп, көліктерге тиегелі жатыр. Одан кейін осы гуманитарлық көмек осы жерде тасқын судан зардап шеккен тұрғындарғы үлестіретін болады.
Санаулы минутта әскерилер ұшақтағы 10 тонна гуманитарлық көмекті жүк көліктеріне тиеп үлгерді.

Сергей Домаев, қоғам белсендісі:

Біздің міндет еріктілерді жұмылдыру. Облыстық мәслихатқа күн сайын тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың тізімі келіп жатыр. Біз осы гуманитарлық көмектің барлығын оларға міндетті түрде таратып береміз. Астаналық кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Гуманитарлық көмектің барлығын екі жүк көлігі алып кетті. Біз қазір осы Петропавл қаласындағы әежайдың жағдайын көріп кетуге келдік. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бірақ өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жерде адамның қарасы өте аз. Ішінде жүрген жолаушылардың айтуы бойынша әуежайдан қалаға қатынайтын жолдың барлығын су баысп қалған. Сондықтан тұрғындар айналма жолмен немесе қаланың шетіндегі ескі саяжайлармен қатынауға мәжбүр болып отыр
Тасқыннан зардап шекке тұрғындарға көмектесу үшін Астанадағы кәсіпкерлер қауымдастығы еліміздің түпкір-түпкіріндегі бизнесмендерді де әлі жұмылдырамыз деп отыр.

Хабарламаларға жазылу