Январцев ауылында 200-дей адам бөгет тұрғызып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Январцев ауылында 200-дей адам бөгет тұрғызып жатыр

16.04.2024

Жайыққа қызыл судың екінші толқыны көрші Ресейден келеді деген болжам бар. Бірінші болып мен тұрған жерден 60 шақырым қашықтықтағы Январцев ауылына кіруі мүмкін. Ресеймен шекаралас елдімекенде әріптесім Нұрсұлтан Тілектес жүр. Нұрсұлтан, тасқынға дайындық қалай?

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бәйтерек ауданына қарасты Январцев ауылында тұрмын. Мұнда шамамен мыңнан астам тұрғын бар. Елді мекенді жағалап өтетін Жайық өзені ернеуінен асып, Январцев ауылының іргесіне жеткен. Айта кету Ресейден келетін нөпір су бірінші осы ауылға жетеді. Сондықтан, жергілікті және көрші ауылдың тұрғындарын қоса алғанда 200-дей адам бөгет тұрғызып жатыр. Олар қазір төрт-түлігін жайлап, тамақтанып алуға кетті. Біз олармен сұхбаттасып үлгердік. Режиссерларымыз экранға берсе.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Тұрғындарға қолқабыс ретінде қазір жан-жантақ жеткізілген 30-дан астам техника бөгет нығайту жұмыстарымен айналысып жатыр. Оған қоса Қарағанды облысындағы 52/859 әскри бөлімінен келген 70-ке сарбаз келіп қорған тұрғызуға көмектесіп жатыр.
Абзал Нығметов, Қарағанды облысындағы 52853 әскери бөлімінің взвод командирі:

10 мыңнан астам қап салып тастадық. 01:08 Аянып жатқан ешкім жоқ. 5 күн болды, 5 күн бойы жұмыста тоқтамай істеп жатырмыз.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бүгінге дейін ауылды айналдыра ұзындығы 5 шақырымдық бөгет салыпты. Жерлікті билік өкілдерінің сөзінше, тұрғындар қауіпсіз аумкқа көшуден түбегейлі бас тартып отыр. Сондықтан елдімекенде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күні-түні кезекшілік атқарып жүр. 

Хабарламаларға жазылу