Астанадан Батыс Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілді
Астанадан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолға шықты. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен қайырымдылық қорлары және қала тұрғындары бірігіп, зардап шеккен азаматтарға қажетті заттарды жинастырған. Жүк көлігіне көрпе-төсек, шаруашылыққа керекті құрал-жабдықтар, су өткізбейтін аяқ киімдер мен азық-түлік тиелді. Жоспар бойынша алдағы уақытта тағы да материалдық көмек жөнелтілуі мүмкін. Бұған дейін елордадан Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына 100 тоннадан астам жүк жіберілді.
Мұхаммед Болысбек, «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Батыс Қазақстан облысына баратын болады. Яғни, бүгін жібереміз. Бір күннің көлемінде жетеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл көмекті жинау барысында Батыс Қазақстандағы өңірлерден керекті, яғни, нақты не керек сұрастырып, сол заттарды түсіріп соған байланысты жинап отырмыз.
Динара Жақыпбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14