Жайықтың суы қауіпті деңгейге жақындады
Батыс Қазақстан облысы да, қазір тасқынның екінші толқынына әзірленіп жатыр. Жайықтағы су деңгейін күні-түні бақылауға алған. Ресейден ойысып келе жатқан су, алдымен Батыс Қазақстан облысына қарасты Январцев ауылына келеді деген болжам бар.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бұл ауыл Январцев деп аталады. Құрамына төрт елдімекен кіретін ауылдық округтің орталығы. Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шектесін елдімекен. Мұнда шамамен мыңнан астам тұрғын бар. Жайық өзені осы елдімекенді жағалап өтеді. Жайықтың бұл маңдағы су деңгейі 8 метрден асып кеткен. Ауылды айналдыра бөгет салу күні-түні жүріп жатыр. Өйткені Ресейден ойысып келе жатқан нөпір су бірінші осы ауылға келеді. Міне, өзденіңіз көріп тұрғандай Жайық 1 шақырымға дейін жайылып, қызыл су елдімекен іргесіне жеткен.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қазір бөгет тұрғызу жұмыстарына дәрігер, мұғалім, әскерилермен қатар ауыл тұрғындары түгел жұмылған. Бөгет басында бел жазбай жұмыс істеп жүргендерге кедергі келтірмейін. Алдағы шығарылымда сұхбатасамыз. Жақын тұста мұнай өндіретін кен бар. Бәйтерек ауданының басшылығы оны да тасқын судан қорғаудың амалын қарастырып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22