Қостанай облысында өлген малға өтемақы төлене бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында өлген малға өтемақы төлене бастады

16.04.2024

Қостанай облысында су тасқынынан шығын болған малға өтемақы төлене бастады. Алғашқылардың бірі болып оны Арқалық қаласына қарасты Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары алды. Осы елді -мекеннен түскен үш өтініш бойынша 11 сиыр мен 203 ұсақ малға 13 млн теңгеден астам қаржы төленген. Облыс бойынша 20-дан астам өтініш бойынша мыңға тарта өлген малға құжат дайындалды. Көп ұзамай орлардың иелеріне де тиісті қаржы беріле бастайды. Өтемақы алу үшін шығынға ұшыраған түліктің өлексесі, сырғасы болуы шарт. Бірақ куәлікке адам тартып, дәлелдей алса, тіркеуге алынбаған, өлексесі табылмаған малға да өтем алуға болады.

Советхан Әлиев, Қызылжұлдыз ауылының тұрғыны:

Соның 10-ының өлексесі табылып, өтемақы төледі үкімет. Сегізі табылмады. Сумен ағып кеткен-ау деймін. Оған да өтініш қабылдап алды үш куәгермен. Төлейміз деп жатыр.

Бауыржан Бекет, Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Алгоритм бойынша үш куәгер керек. Бұл жақында Премьер министрдің төрағалығымен Атырауда зардаптардың шығын өтеуге байланысты жиналыс өткен. Сол жиналыста хаттамамен бектілген бұл алгоритм.

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу