Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көрді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Мемлекет басшысына өңірдегі Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы қызыл судың жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10 мыңнан аса адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5 мыңнан аса адам және мыңға жуық техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу