Синоптиктер ескертеді: Толассыз жауын жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер ескертеді: Толассыз жауын жауады

16.04.2024

Алматылықтарды қолайсыз ауа райы күтіп тұр. Синоптиктер түнде басталған жауын бейсенбіге дейін жалғасады дейді. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап, мегаполисте найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жететінін ескертті. Мамандар жүргізушілерге көліктерін ағаштардың жанына қоймауға кеңес береді. Бүгінде қалада таңнан 10 балдық кептеліс болып, тұрғындарды әбігерге салды. Шаһардың коммуналдық қызметі жауынның салдарын жою үшін 400-ден аса арнайы техника мен 800 адам жұмылдырылғанын хабарлады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу