Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері түсіндірілді

15.04.2024

Елімізде адам құқықтарын қорғауға байланысты қабылданып жатқан заң нормаларының арқасында Шымкентте зорлық-зомбылық көріп, құзырлы органдардан араша сұрайтын азаматтар қатары едәуір азайды. 2022 жылы мегаполисте құқығы тапталған 50-ден астам азамат заң құрылымдарына жүгінген болса, былтыр олардың саны 40-қа жетер жетпес.

Жалпы әлемде адам саудасы қару-жарақ пен есірткіден кейінгі ең табысты кәсіп саналады. Ресми мәлімет бойынша бұл іспен айналысатындар одан жылына 150-160 миллиард доллар пайда табады. Қылмыстың ең көп таралған түрі еңбекті қанау, адам ағзасын сату, әйлдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

Қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша Полермо хаттамасы деген бар адам саудасына байланысты. 2000 жылы бекітіп, ратификациялағанбыз. Онда проблема жоқ. Енді адам саудасымен айналысқан қылмыскерлер болса оларды 18 жылға бас бостандығынан айыруға болады және мүлкі толық тәркіленеді.

Соған қарамастан соңғы жылдары елімізде адам саудасына қатысты 130-дай жағдай тіркелген. Бүгінгі семинар барысында азаматтардың өз құқықтарын сотта немесе өзге де органдарда, халықаралық ұйымдардың көмегімен қорғау тәсілдері түсіндірілді. Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық соттың мүшесі емес. Бірақ мұндай жағдайда Біріккен Ұлттар ұйымына қарсты 6 комитетке арыз-шағым түсіру құқына ие. Яғни, азапттау, әйелдер ісі, нәсілдік кемсіту, мүгедектерді қорғау, адам және бала құқықтары бойынша жүгіне алады.

Фолькер Фробарт,  ЕҚЫҰ-ның астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы:

Соңғы 5-6 жылдың көлемінде Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар заң реформалары жүргізілді. Бұл іс өз нәтижесін беруде. Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты заң жобасының мақұлдануы да адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия аймақтардағы еңбек инспекциясы өз міндеттерін толық атқара алмай отырғанын айтады. Сондықтан олар үкіметке бұл құрылымды министрлік қарауына беруді ұсынды.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу