Жайық өзені жағалауындағы су 6,5 метрге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзені жағалауындағы су 6,5 метрге көтерілді

15.04.2024

Жайық өзенінің жағалауындағы су 6,5 метрге көтерілді. Жайылған қызыл су демалыс орнын басып қалды. Ал мамандар су тасқынының шарықтау шегі сәуірдің 18 мен 19-ына келеді деп болжайды. Осыған орай Ұлттық арнаның көшпелі студиясы Орал қаласына көшті.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Оралға Премьер-министр Олжас Бектенов келді. Үкімет басшысы өзеннің жағалауын нығайту және бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді. Өңірдегі ахуалды бақылау үшін су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралады.

Батыс Қазақстан облысында ірі су тасқынының алдын алуға күш салып жатқан адамдардың саны 6 мың 300-ден асты. Облыста төтенше жағдайлар министрлігінің мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 1500 арнайы техника тартылған. Негізгі міндет – елдімекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау.

Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пунктері ашылды, өңірде «Жедел желі» жұмыс істеп тұр.

Тасқынның алдын алу үшін 6 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Оның 5 мыңнан астамы – әскерилер.

Аян Тасқали, Батыс Су арнасының бас инженері:

Орал қаласы екі көзден сумен қамтамасыз етіледі. Орал өзенінен және жер асты суынан. Қазір барлығы да штатты режимде жұмыс істеп тұр. Қажетті су қоры бар, жеткілікті. Біздің нысандарды су басу қаупі бар. Бірақ қауіптің деңгейі өте төмен.

Хабарламаларға жазылу