Ақмола облысындағы Жабай өзенінің деңгейі 6 метрге дейін көтерілді
Ақмола облысының Атбасар қаласы тұсында Жабай өзені түнде арнасынан асып, 6 метрге дейін көтерілді. Қауіпті аймақта тұратын 170-ке жуық адам эвакуацияланды. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Бүгін таңғы беске таяу өзен деңгейі күрт көтерілгендіктен топырақтан жасалған дамба 6 жерден бұзылып, қарғын су Атбасар қаласына кірді. Содан бері жағдай тұрақсыз. Шаһарда бірден дабыл жүйесі қосылып, уақытша орналасу пунктері ұйымдастырылды. Қазір қалада жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай да жарияланды. Жалпы, Жабай өзенінің шекті деңгейі-4 метр 45 сантиметрден асса, жағалауда тұрған үйлерді су басуы ықтимал. Ал кеше өзеннің деңгейі 6 метрге дейін жетіп, арнасынан асқан. Сондықтан құтқарушылар күн- түн демей қауіпті аймақта тұратын халықты эвакуациялап жатыр.
Қазір Атбасар қаласындағы екі эвакуациялық пункте 6 адам ғана тұрып жатыр. Қалғандары туыстарының үйлерін паналаған. Қарғын судың қанша баспанаға кіргені әлі белгісіз. Апаттың салдарын жоюға 400 адам мен 100 техника жұмылдырылған.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07