Қ.Бишімбаев соты: Айыпталушылар бір-бірін қаралаумен болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаев соты: Айыпталушылар бір-бірін қаралаумен болды

15.04.2024

Әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі бүгін қайта жалғасты.

Отырыс қылмысты жасырды деп айыпталып жатқан Бақытжан Байжановқа, жан-жақты сұрақ қоюдан басталды. Ол өткен отырыстан бері өзі куә болған жайттарды баяндап жатыр. Байжановтың сөзінше, Бишімбаев оған куәлік берерде қысым көрсеткен. Тыңдалым кезінде сотталушылар бір-бірін қаралаумен болды.

Сондай-ақ адвокат Ерлан Ғазымжанов, «құқығымызды шектеп жатырсыз» деп судьяға тағы да қарсылық білдірді. Судьяның сөзін бөліп, бірнеше рет ескерту алған қорғаушының тәртібін талқылау үшін, сот үзіліске шығып, артынша қайта жалғасты.

Айжан Құлбаева, Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Қорғау тарапының қарсылығын сот негізсіз деп санайды. Соған байланысты қабылданбайды. Өткен сот отырысында сотталушы Байжанов жауап берді, тараптардың оған сұрақтары бар. Жауап алу аяқталған жоқ. Қорғау тарапына Байжановтан жауап алу аяқталған соң өтінішхат жолдауға құқылы екені түсіндірілді. Алайда соған қарамастан, қорғау тарапы негізсіз қарсылық білдіріп, алқабилерді шатастыруға тырысып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу