Әлемдегі электр станцияларының үштен бірі қазақстандық уранды пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі электр станцияларының үштен бірі қазақстандық уранды пайдаланады

15.04.2024

Қазір әлемдегі электр станцияларының 3/1-і қазақстандық уранды пайдаланып отыр. Осы ретте еліміз үшін атом электр станциясын салу, оны қолдану әлдеқайда тиімді,- дейді сала мамандары. Бұл туралы Алматыда өткен Дүниежүзілік ядролық қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық конференцияда айтылды.

Дүниежүзі бойынша, 2050 жылға дейін атом электр қуатын қолдану 3 есеге дейін ұлғаюы мүмкін. Атом саласындағы көшбасшы елдердің өкілдері, АЭС - электр энергиясын тұрақты әрі тиімді өндіріп, парниктік газдар шығындыларын азайтады,- дейді. Мамандар атом станциясын салу үшін ең бастысы халықаралық серіктесті сәтті таңдау маңызды екенін айтады.

Кирилл Комаров, «Росатом» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары:

Біз бүгін әріптестерімізбен бірге АЭС-тің мүмкіндіктері туралы талқылап жатырмыз. Мұнда қуаттылығы 1200 МВТ құрайтын ірі реакторлардан бастап орташа қуатты реактор, аз қуатты реактор кешені бар. Нақты технологиялық шешімді Қазақстанның мамандары айтатын болады.

Ин-Сик Парк, «Korea Hydro & Nuclear Power Co» компаниясы Шетелдік бизнес бөлімшесінің атқарушы вице-президенті:

Қазақстан уранның ірі экспорттаушыларының бірі. Ядролық реакторлардың жұмысы үшін ядролық отынның тұрақты жеткізілуі өте маңызды. Әлемдік атом энергетикасы қуаттылығы артып келе жатқандықтан, біз жанармай жеткізуде жалпы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы бар.


Хабарламаларға жазылу