Су тасқыны: 5 мың отбасыға АӘК автоматты түрде тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: 5 мың отбасыға АӘК автоматты түрде тағайындалды

15.04.2024

Төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі 5 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев айтты. Сондай-ақ балаларды қоса есептегенде, 4 мыңға жуық адамға мүгедектікті қайта куәландыру мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Жергілікті атқарушы органдар өз қаражаты есебінен су тасқынынан зардап шеккен 2 мың 300 отбасыға 555 млн теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетті. Еліміздегі төтенше жағдай жариялануына байланысты көп азаматтар, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар, осал топтағы азаматтар әртүрлі кедергілерге тап болды. Соған орай Омбудсменнің жедел желісі іске қосылды.

Кенжеғұл Сейітжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл:

Жобалық офис аштық. 8 702 282 61 83. Және де пошта арқылы хабарласа аласыздар. Біздің жаңағы Instagram парақшамыз да бар. Whatsapp арқылы да хабарласа аласыздар.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу