Атырауда тасқынға қарсы кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр
Атырауға нөпір судың алғашқы толқыны келіп жатыр. Қала аумағындағы Жайық өзенінің деңгейі 4 метрге жақындады. Қазір өңірлік штабта ғалымдар зерттеу жүргізіп жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Жайыққа кеп жатқан судың қарқыны қатты. Ағыс күн санап күшейіп жатыр. Тұрғындар үрей құшағында отыр. Ғалымдардың сөзінше, өзенге құйылып жатқан бұл тек қар мен жаңбырдың суы ғана. Әлі Орал мен Орынбор облысынан келетін тасқын су бар. Қауіп, сәуірдің 20-25 аралығында күшеюі мүмкін. Бұл әзірге тек болжам ғана. Нақты мәлімет беретін аймақта білікті бірде бір гидролог жоқ. Сол үшін жауаптылар жоқтан бар жасап, қосымша күш ретінде физиктер мен математиктерді және гидрогеологтарды тартып, кешенді жұмыс жүргізуде. Мамандар күн сайын су деңгейінің көлемі мен мөлшерін есептеп жатыр. Олар жайыққа моделдеу жүргізеді. Бұл нөпір суды әрі қарай теңізге ағызып жіберу мақсатында жасалып отыр. Біз қазір қала іргесіндегі Геолог шағын ауданында тұрмыз. Бұл аумақ теңіз деңгейінен 21 метр төменде тұр. Мұнда да тасқын қаупі жоғары. Бұл жерде қазір біз қала әкімі Шәкір Кейкінмен сұқбаттасамыз. Шәкір мырза, қала тасқынға дайын ба?
Қазірдің өзінде 170 км жайық жағасы бекітілді. Теңіз тамағы аршылып жатыр. Қалалық бюджеттен тасқынмен күреске 5 жарым млрд-тай қаржы бөлінді. Жағалауды нығайту жұмыстарына 1600 техника мен түрлі мекемелердің 17000-нан астам қызметкері мен еріктілер көмектесті.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді стратегиялық бағытты айқындап берді
14.02.2026, 20:10
Тарихи-мәдени мұраның Конституциялық құндылықтар жүйесіндегі рөлі талқыланды
14.02.2026, 20:09
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық форум өтті
14.02.2026, 20:08
«Референдум-2026» онлайн-марафонына 100-ден астам сарапшы қатысты
14.02.2026, 20:08
Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі
14.02.2026, 20:07
Мемлекеттік кеңесші Ішкі саясат мәселелері жөнінде кезекті республикалық кеңес өткізді
14.02.2026, 20:06
Шайдоровтың жеңісін шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр
14.02.2026, 20:06
Астанада 2027 жылы УЕФА-ның 51-конгресі өтеді
14.02.2026, 20:04