Израильдің әскери үкіметі бірнеше сағат бойы отырыс өткізіп, Иранның шабуылына жауап беру мәселесін талқылады. Дегенмен, батыс пен жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әзірге сол жауаптың ауқымы мен мерзімі жайлы нақты шешім қабылданған жоқ.
Айта кетсек, Иран Израильге сенбіден жексенбіге қараған түні 300-дей дрон мен зымыран жіберді. Тегеран бұл шабуылды сәуірдің басында Сирия астанасындағы елшілігінде жеті офицері әуе соққысынан қаза тапқаннан кейін жасап отыр. Израиль болса, қастандыққа өзінің қатысы барын не растаған жоқ, не жоққа шығармады.
Бұл жағдайлар аймақта үлкен соғыс қаупін туындатып отыр. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы тараптарды ұстамдылыққа шақырды.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
Таяу Шығыстағы жағдайы ушығып тұр. Аймақ халықтары жойқын әрі кең ауқымды қақтығыс қаупіне душар болды. Шиеленісті жеңілдететін уақыт жетті. Тараптарды мейлінші ұстамдылыққа шақырамын.
Арыстан Рысбек